"Желідегі суреттер мен видеолардың Сәтбаевтағы оқиғаға қатысы жоқ"

970

Күдіктіге "бала ұрлау" және "баланы зорлау" баптары бойынша айып тағылды.

"Желідегі суреттер мен видеолардың Сәтбаевтағы оқиғаға қатысы жоқ"

Сәтбаев қаласындағы азғындық оқиғадан кейін жұрт дүрлігіп, іске полиция жасақтарының аралсыуына тура келген. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы жайтты пайдаланып, оқиғаға қатысы жоқ мәліметтер таратқандар жауапқа тартылатынын айтты.

"Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің "бала ұрлау" және "баланы зорлау" баптары бойынша тергеледі. Қала тұрғындары қатты дүрлігіп, оқиға орнына жиналды. Жекелеген тұлғалар бұзақылық әрекет жасауға талпынып, саналы түрде мүлік шығынын келтіруге тырысты. Полция бұл әрекеттердің барлығының жолын кесті. Қазір Сәтбаев қаласындағы ахуал тұрақты. Жағдай бақылауда. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бақылауға қажет шараның бәрін қабылдады. Екі жағдайда да ІІМ әлемуеттік желіге мониторинг жүргізу барысында  арандатушылардың оқиғаны қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандыруға пайдалануға тырысқан әрекеттерін анықтады. Желіде бұл оқиғаларға қатысы жоқ суреттер мен бейнематериалдар тарап жүр. Осыған байланысты азаматтардан тек мемлекеттік органдардың дерегіне сенуді сұраймын. Көпе-көрінеу жалған ақпарат таратуға қатыспаңыздар, арандатушылық үндеулерге ермеңіздер. Сәтбаев қаласында қоғамдық тәртіпті бұзғандардың бәрі анықталып, заңға сәйкес жауапқа тартылады", – деді министр.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу