Желіккен жүргізуші куәлігінен айырылды

985

Алматыда қарсы жолаққа шығып алып, жүйткіген жүргізуші куәлігінен айырылып, 100 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Желіккен жүргізуші куәлігінен айырылды

Қарсы жолаққа түсіп алып, ызғытқан жүргізуші өзінің әрекетін ұялы телефон камерасына түсіріп, дүйім жұртқа "мақтанған".

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға жауап аясында құқық бұзушы анықталды. Бұл 22 жастағы сырттан келген азамат болып шықты. Қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған қозғалыс бөлігінен шыққаны үшін құқық бұзушыға ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушіге қатысты жинақталған материал шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотына жіберілді. Ол көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Құқық бұзушы қарсы келе жатқан жолаққа шығумен қатар, қиылысты бағдаршамның тыйым салатын белгісінен кесіп өткен, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ, қауіпсіздік белдігінсіз жүріп, маневр жасап, апаттық жағдайларды тудырған. Құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды, мөлшері 100 теңгеден асады", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу