Желіні шулатқан видео: Полиция қызын ернінен сүйген әкенің әрекетіне баға берді

893

Тексеріс немен аяқталғаны белгілі болды

Желіні шулатқан видео: Полиция қызын ернінен сүйген әкенің әрекетіне баға берді Фото: Бейнежазбадан

Өскеменде 12 жастағы қызын туған күнімен құттықтаған әкенің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын. Ішкі істер және Оқу-ағарту министрліктері аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл дерек бойынша мұқият тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта қылмыс немесе әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты бұл материалды номенклатуралық іске өндірістен шығару туралы шешім қабылданды", – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков. 

Ал Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова тиісті тексеру шаралары аяқталғанға дейін аталған дерек бойынша ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтты. 

"Биыл "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа курс енгізілді. Онда 7-сыныптан бастап оқушыларға арналған жеке тақырыптар мен нақты мақсаттар қамтылған. Оларды балаларымызға педагог-психологтер түсіндіреді. Меніңше, бұл пән қазір өте қажет. Әр бала өзінің шекарасын қорғай білуі тиіс. Әрбір бала өзіне қатысты ненің орынды, ал ненің жол берілмейтін әрекет екенін түсінуі қажет", – деп түсіндірді министр Құрылтайда өткен брифингте.

Айта кету керек, бұған дейін Өскеменде 12 жастағы қызын туған күнімен құттықтаған әкенің оны "ернінен" сүйгенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу