Желкенді спорттан тұңғыш рет "алтын" иелендік

625

Сингапурда желкенді спорттан Азияның ашық чемпионаты өтіп, қазақстандық спортшы тарихта тұңғыш рет алтын медаль иеленді.

Желкенді спорттан тұңғыш рет "алтын" иелендік

2-9 наурыз аралығында Сингапурда желкенді спорттан Азияның ашық чемпионаты өтіп, қазақстандық спортшы тарихта тұңғыш рет алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Руслан Жанғазов желкенді спорттағы laser standard бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы алтынды жеңіп алды. 

"Чемпионатқа жалпы есебі 12 елден спортшылар қатысты. Менің бағдарламамда бес елдің өкілдері бақ сынады. Атап айтар болсақ, Жапония, Маврикий аралдары, Индонезия және Италия спортшыларына қарсылас атандым. Жалпы алғанда, қарсыластардың да әлеуеті жоғары. Мысалы, жапондар әлем чемпионатына тұрақты түрде қатысады. Осындай сында алтын алу мен үшін үлкен мәртебе. Чемпионатқа дайындық жаттығу залында өтті. Өйткені, қыс айларында біздің спорт өкілдері үшін қиындау. Дегенмен, осындай кедергілерге қарамастан чемпион атанғаным үшін қуаныштымын. Жапондар менің әлеуетімді жақсы бағалап, әлем чемпионатына қатысуға шақырды. Жалпы алғанда, елге медаль әкелсем деген ойым орындалды", – дейді Руслан Жанғазов. 

Бұдан бөлек, Қазақстан атынан сынға түскен Карина Жанғазова 8-ші, Владимир Щанкин 13-ші орыннан көрінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу