Желшешектен көз жұмған бала ісі: Бас дәрігердің орынбасары жұмыстан қуылды

1436

Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасында үш жастағы бүлдіршін желшешектен көз жұмған болатын.  

Желшешектен көз жұмған бала ісі: Бас дәрігердің орынбасары жұмыстан қуылды

Алматы облысында желшешектен көз жұмған 3 жастағы бүлдіршіннің өліміне қатысты жоспардан тыс тексеру қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның нәтижесінде Қарасай аудандық аурухана басшысының орынбасары қызметінен босатылған. Бұл туралы арнамызға арнайы сұқбат берген  тауар мен  қызмет қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілі Лаура Ахметниязова мәлімдеді.  Сондай-ақ бірқатар жауапты дәрігерлерге сөгіс жарияланған. Себебі, тексеріс бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған.

Атап айтқанда, балаға дұрыс диагноз қойылмаған. Онымен қоса, қайта емханаға келіп қаралғанда бүлдіршіннің ауыр халде екені дәрігерлердің назарынан тыс қалған. Бүгінде тергеу қорытындысы полиция департаментіне жіберілді.

Естеріңізге салайын, шамамен 1 жарым ай бұрын  Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасында үш жастағы бүлдіршін желшешектен көз жұмған. Ата-анасы ақ халаттыларды айыптап, мәселенің мән-жайын анықтауды талап еткен еді. Нәтижесінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шұғыл түрде тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу