Желтоқсан айында интервенция жасалған жоқ – Ұлттық банк

Өткен жылдың желтоқсан айында теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 460,58–473,51 теңге аралығында өзгеріп отырды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы туралы есебінде жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Желтоқсан айында интервенция жасалған жоқ – Ұлттық банк Фото: REUTERS

Есепте айтылғандай теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі 10,9 млрд АҚШ долларына дейін немесе  11,3%-ға төмендеген. Ал Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі 3,0 млрд АҚШ долларына дейін, 1,5%-ға өскен.

"Қарашамен салыстырғанда халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артты. Халықтың шетел валютасын нетто-сатып алуы 264,3 млрд теңгеге дейін а/а 18,3%-ға өсті. Бұл ретте жылдық мәндегі нетто-сатып алудың жалпы көлемі айтарлықтай дәрежеде АҚШ доллары мен Ресей рублін нетто-сатып алудың төмендеуі есебінен 46,0%-ға төмендеді", - делінген есепте.

Сондай-ақ,  Ұлттық банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізілмегенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу