Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сенбі күніне сәйкес келіп тұр. Осыған байланысты, қазақстандықтар дүйсенбі күні қосымша демалыс алады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Осылайша, қазақстандықтардың Тәуелсіздік күніне демалыс күндері келесідей болады:
- бес күндік жұмыс аптасында істейтіндер 16, 17 және 18 желтоқсан күндері демалады;
- алты күндік жұмыс аптасында істеп жатқандар тек қана 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.
Барлығы, желтоқсан айында 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу