Желтоқсаншыларды "мастар, ақымақтар" деп қорлаған алматылық әйел ұсталды

373

Оның жеке басы анықталды. 

Желтоқсаншыларды "мастар, ақымақтар" деп қорлаған алматылық әйел ұсталды Фото: Әлеуметтік желіден

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға тіл тигізген әйел полицияға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Threads-та Виолетта Паршина атты желі қолданушысы Желтоқсан оқиғасына қатысты жазбаға даулы пікір қалдырған. Ол Желтоқсан ардагерлерін "мас, ақымақ, ауылдан шыққандар" деп атаған. Кейін әйелдің аккаунты өшірілген.

Кейбір БАҚ-тың дерегінше, қоғамдық резонанстан кейін әйел адам жұмысынан да айырылған. 

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"Азаматша П.-ның жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуде. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және оларға қағидатты түрде құқықтық баға беріледі. Тұлғаның мәртебесіне және өзге де жағдайларға қарамастан, ұлттық белгісі бойынша қорлау фактілеріне жол берген барлық азамат заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады", – делінген хабарламада.

Алматы қаласының полициясы ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер, арандатушылық және алауыздықты қоздыратын материалдарды тарату фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу