Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарын еске алған бейресми партия өкілдеріне айыппұл салынды

1035

Жұма күні кешке Қазақстанның тіркелмеген демократиялық партиясының бірнеше белсендісі ұсталып, 16 желтоқсандағы митингке қатысқаны үшін 488-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп inbusiness.kz  vlast.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарын еске алған бейресми партия өкілдеріне айыппұл салынды

"Ырысбек Тоқтасын мен Нұрлан Бәйтереков 15 тәулікке қамалды, Абзал Достияров 20 тәулікке қамалды, Аружан Дүйсебаевқа 145 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Facebook-те тікелей эфирде партия көшбасшысы Жанболат Мамай хабарлады", – деп жазады ақпарат порталы.

Партия жетекшілерінің бірі Инга Иманбай "Азаттық" радиосының тілшісіне берген сұхбатында судья тағы бір белсенді Мейрхан Жолаевқа ескерту жасағанын айтқан.

Жақында Алматы полициясы Қазақстанның тіркелмеген демократиялық партиясының кем дегенде бес белсендісін ұстағаны белгілі болды. Ұсталғаннан кейін белсенділердің бірі Ырысбек Тоқтасын ұрып-соғып болғанын хабарлады.

16 желтоқсанда тіркелмеген демократиялық партияның жүзден астам жақтаушылары Алматы қаласындағы Республика алаңында Желтоқсан мен Жаңаөзендегі оқиғалардың құрбандарын еске алу акциясын өткізді. Бірақ сол сәтте полиция белсенділерді ұстамаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу