Желтоқсанда Байқоңырдан 3 зымыран-тасығыш ұшырылады

649

24 қарашада "Прогресс М-УМ" көліктік жүк кемесі мен "Причал" түйінді модулі бар "Союз-2.1б" зымыран-тасығышы ұшырылған болатын.

Желтоқсанда Байқоңырдан 3 зымыран-тасығыш ұшырылады

2021 жылдың соңғы айында Байқоңыр ғарыш айлағынан 3 ұшырылым жасау жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 24 қарашасында "Прогресс М-УМ" көліктік жүк кемесі мен "Причал" түйінді модулі бар "Союз-2.1б" зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды. "Причалдың" Халықаралық ғарыш станциясымен сәтті түйісуін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-дан бастап roscosmos.ru сайтынан көруге болады. Бұл – жыл басынан бері Байқоңыр ғарыш айлағындағы есеп бойынша 11-ші ұшырылым.

Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың желтоқсанында Байқоңырдан тағы 3 ұшырылым белгіленген. 2021 жылдың 8 желтоқсанында "Союз МС-20" көліктік басқарылатын кемесі бар "Союз-2.1а" зымыран-тасығышын ғарышқа жөнелту көзделген. Экипаждар бір аптаға жуық уақыт Байқоңырда старт алдындағы даярлықтан өтіп жатыр.

12 желтоқсанда орта санаттағы "Экспресс-АМУ3", "Экспресс-АМУ"7 геостационарлық телекоммуникациялық аппараттары бар "Протон-М/Бриз-М" зымыран-тасығышы ұшырылмақ. Ал 27 желтоқсанда Байқоңырдан OneWeb спутниктерінің кезекті партиясы тиелген "Союз-2.1б" зымыран-тасығышын ұшыру белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу