Алматыда болат құбыр шығаратын зауыт ашылады

1178

Алматыда болат  құбыр шығаратын зауыт ашылады

Желтоқсанда болаттан жасалған үлкен диаметрлі дәнекерленетін құбырларды өндіретін зауыт іске қосылады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Бұл зауыт Алматы қаласы Алатау ауданының индустриалдық аймағындағы 18,3 гектар аумақта орналасады. Жоғары технологиялық зауыттың құрылысы Қазақстанға әкелінетін құбыр өнімдерінің 70% импортын алмастыруға мүмкіндік беретін болады.

"Kazakh Invest" компаниясының қолдауымен инвестициялық келісімшартқа қол қойылды. Оның аясында қытай инвесторы қазақстандық серіктестерімен бірге жобаға 50 млн доллар инвестиция құяды, осылайша өңірде 300 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны - 100 млн доллар. Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт биыл жылдың соңына дейін салынады.

Инвесторлар құрылыс кезеңінде өңірде 1000 уақытша жұмыс орны мен зауыт іске қосылғаннан кейін 300 тұрақты жұмыс орны ашылатынын айтты.

Зауыт жыл сайын 100 мың тонна жоғары сапалы құбыр өнімдерін жеткізеді, деп жоспарлауда. Бұл дәнекерленетін құбырлар мұнайды, газды, суды және мұнай өнімдерін тасымалдауға, сондай-ақ тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, энергетика салаларында пайдалануға арналған. Сонымен қатар тот басудан сақтайтын жабындар өндіру де болжанып отыр.

"Біз зауытты 2018 жылдың желтоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Алматы қаласы әкімдігімен, түрлі министрліктермен және ведомствалармен, сондай-ақ Индустриалды аймақ дирекциясымен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Болашақта өндірісті жыл сайын 150 мың тоннаға дейін кеңейту жоспарланып отыр", - деді "Asia Steel Pipe Corporation" ЖШС коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Раджан Нұрмұхамбетов.

Өндірістік желі өнім өңдеудің 38 түрлі әдістерін қамтиды. Болат құбырларының диаметрі 355-тен 1420 мм дейінгіні қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу