Желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 23 мың теңгеден асты

951

Желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 23 мың теңгеден асты

2017 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 23 471 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2017 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда - 0,7%-ға, 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,1%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындардың үлесі - 21,7%, май және тоң май өнімдері, жұмыртқа - 17,2%-ды, жемістер мен көкөністер - 10,6%-ды, сүт, нан және жарма өнімдері - 8,2%-ды, қант, шай және дәмдеуіштері - 2,3%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу