Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Алдын ала деректерге сәйкес, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 100 млн АҚШ долларына сәл төмендеп, желтоқсан айының соңында 55,7 млрд АҚШ долларын құрады. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша, индекстер көп бағытты динамиканы көрсетті: егер біз акциялар нарығында төмендеудің куәсі ғана болсақ, керісінше, облигациялар индексі мен алтынның құны өткен айда өсті", – деді бас банк төрағасының орынбасары.
Активтерді төмендетудің қосымша факторы Ұлттық қордан валютаны сату болды. Желтоқсан айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 450 млрд теңге аударылды.
"Трансферттерді бөлу жөніндегі міндеттемелерді орындау мақсатында өткен айда ішкі валюта нарығында 461 млн АҚШ долларына активтер сатылды. Қалған бөлігі Ұлттық қорға теңгемен түскен түсім есебінен және Ұлттық қордың теңге шотындағы қалдық есебінен орындалды. Ұлттық қорға түсіп жатқан валюталық түсімдердің көп бөлігі активтердің құлдырауын теңестіретін бірден-бір фактор саналады. Мысалы, желтоқсан айында Ұлттық қордың валюталық активтері 651 млн АҚШ долларына толықтырылды", – деп атап өтті Әлия Молдабекова.
Жалпы, 2022 жылы Ұлттық қордың валюталық активтері шамамен 400 миллион АҚШ долларына өсті. Активтерде қалыптасқан оң динамиканың негізгі себебі – мұнай бағасының өсуі және мұнай секторы ұйымдары тарапынан Ұлттық қорға түсетін валюталық түсімдердің ұлғаюы.
Былтыр Ұлттық қордан бюджетке жалпы көлемі 4,6 трлн теңге трансферттер бөлінді. Бұл ретте қаржы нарықтарындағы құлдырауға байланысты 2022 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық азайды.