Желтоқсанда ұлттық валюта долларға қатысты 1,3%-ға нығайды

603

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 132 млн-нан 141 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.  

Желтоқсанда ұлттық валюта долларға қатысты 1,3%-ға нығайды Фото: egemen.kz

Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығына қатысты ақпараттық хабарламасында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Желтоқсанның қорытындысы бойынша, теңге 1 АҚШ доллары үшін 462,66 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 132 млн-нан 141 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,95 млрд АҚШ долларын құрады. Бір айда валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болды, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты", – деп жазылған хабарламада.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айдың ішінде шамамен 328,7 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы өз бетінше жүзеге асырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу