Бұл көрсеткіш 2022 жылғы шілдеден бергі кезеңде ең жоғары айлық өсім.
Желтоқсанда салымдардың едәуір өсуі негізінен жеке тұлғалардың теңгедегі салымдарының түсуі есебінен қамтамасыз етілген.
Ал ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың салымы ұлғаюы есебінен өскен. Шетел валютасында заңды тұлғалар қаражатының қысқаруы есебінен депозиттердің төмендеуі байқалды.
Осылайша желтоқсанда заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 2,3%-ға өсті. Жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 7,3%-ға ұлғайды.