Желтоқсандық инфляция 2 есе құлдырады

298

Инфляция осы жылдың соңына қарай 8.5%-ға жетеді.

Желтоқсандық инфляция 2 есе құлдырады Фото: Inbusiness.kz

Желтоқсан инфляциясы тұтастай алғанда өзінің төмендеу үрдісін сақтап, ең төменгі деңгейге 9.8%-ға жетті. Осылайша, оның деңгейі 2022 жылмен (20.3%) салыстырғанда екі есе төмендеді.

Halyk Finance болжамы бойынша, инфляция осы жылдың соңына қарай 8.5%-ға жетеді және өзінің тарихи нормасынан жоғары болып қала бермек, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Желтоқсан инфляциясы тұтастай алғанда өзінің төмендеу үрдісін сақтап, ең төменгі деңгейге — 9.8%-ға жетті. Осылайша, оның деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді (20.3%), дегенмен орташа жылдық мән өзгерген жоқ және рекордтық деңгейге жақын болды.

"Біздің ойымызша, инфляция осы жылдың соңына қарай 8.5%-ға жетеді және өзінің тарихи нормасынан жоғары болып қала бермек. Желтоқсан айында тұтынушылық инфляция қарқыны қайтадан 1.0% м/м-ден 0.8% м/м-ге дейін баяулады, бірақ соңғы айлардың мәндерінен сәл жоғары болды. Бағаның өсу үрдісі тек азық-түлік өнімдері бойынша 0.7% м/м-ден 0.9% м/м-ге дейін тіркелді. Тауарлар бағасының өсу қарқыны өзгерген жоқ (0.5% м/ м), ал тарифтердің өсуі қараша айында 1.7% м/м-ден 0.8% м/м дейін күрт баяулады", — делінген HalyK Finance хабарламасында.

Өткен жылғы жоғары базаның әсері жылдық көрсеткішке әсер етуін жалғастырып, жаңа минимум — 9.8%-ға жетті. Инфляция қарқынының жалпы баяулауын ескере отырып барлық негізгі компоненттер жылдық мәнде төмен дамыды: азық-түлік тауарлары — 8.5% (9.2% 2023 жылғы қарашада), азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 9.1% (2023 жылғы қарашада 9.8%), тек ақылы қызметтер қарқыны өзгеше — 12.4%-ға жетті (2023 жылдың қарашасында 12.0%). Дегенмен 2023 жылы инфляцияның қарқынды төмендеуіне қарамастан, оның орташа жылдық мәні 14.8% болды және өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен (14.9%) біраз өзгеше мәнде тұрақтады.

Жалпы, республикадағы инфляция экономиканың сыртқы күйзелістерге бейімделуі және әлемдік инфляцияның қалыпқа келуі аясында біртіндеп тұрақталып келеді, деп хабарлайды сарапшылар. Ұлттық валютаның нығаюы да оған оң әсер етті, оның айырбас бағамы 2017 жылдан бері алғаш рет нығайып, жылына орта есеппен 1 АҚШ доллары үшін 456.3 теңгені құрады (2022 жылы 460.5).

"Осы жылы инфляция, біздің ойымызша, баяулау жолына түседі. Ұлттық қордан 5.3 трлн теңге көлеміндегі бюджетке берілетін рекордтық трансферттер аясында бюджет импульсінің өткен жылмен салыстырғанда жоғары болуы екіталай, бірақ бюджет саясатының циклдік сипаты сақталады. Соған қарамастан, өткен жылдың соңында Ұлттық қордан (Т1.3 трлн) құйылған қаражаттың бағаға қысымы белгілі бір уақытқа дейін тұтынушылық инфляцияға әсер ететін болады. ТКШ тарифтерінің өсуі жалғасатын болады, бірақ оның халық шығынының ең аз бөлігін құрайтынын ескерген жөн. Сонымен қатар ішкі нарықта ЖЖМ-мен қамтамасыз ету негізгі МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстарынан кейін жақсаруы тиіс. Біздің бағалауымыз бойынша, осы жылдың соңында республикадағы инфляцияның жылдық деңгейі 8.5%-ды құрауы мүмкін", — делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу