Желтоқсаннан бастап тасқын қаупі бар аймақтар туралы болжамды әкімдіктерге жібердік – Қазгидромет

755

Қазгидромет алдағы қауіпті құбылыстар туралы дабыл қағып отырады.  

Желтоқсаннан бастап тасқын қаупі бар аймақтар туралы болжамды әкімдіктерге жібердік – Қазгидромет Фото: gov.kz

"Қазгидромет" РМК бас директоры Данара Алимбаева Үкімет кулуарында осыған дейін тасқын қаупі жөнінде мемлекеттік органдарға ақпарат жолданғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Желтоқсан айының басында аяз байқалды. Мұздату тереңдігі де жақсы болды. Қыс бойы нормадан жоғары жауын-шашын болды. Қар еріп, қар жамылғысында, сондай-ақ топырақ бетінде мұз қабаты қалыптасты. Желтоқсаннан бастап су тасқыны қауіпті аймақтар болатыны туралы дабыл қақтық. Олардың қатарында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бар. Бұл су тасқыны қаупі жоғары облыстар болды. Тиісті ақпарат барлық жергілікті атқарушы органдарға жіберілді, бұдан бөлек наурыз айынан бастап алдағы қауіпті құбылыстар туралы дабыл қағамыз. Наурыз айынан бастап 100-ден астам дауыл туралы ескерту шығарылды. Олар да барлық жергілікті атқарушы органға, орталық органға жолданды", - деді Данара Алимбаева. 

Оның айтуынша, "Қазгидромет" болжам жасап, ақпарат ұсынған. 

Айта кету керек, осыған дейін БҚО-да су тасқынының екінші кезеңі басталуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу