Бұл туралы Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шарада сөз болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Тәуелсіздік" монументінің алдына гүл шоқтарын қойған қала тұрғындары мен желтоқсаншылар сол кезеңнің естелігімен бөліскен. Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада Алматы қаласы әкімі, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан халқы ассамблеясы мен желтоқсан оқиғасының қатысушылары болған.
Жиын барысында желтоқсан көтерілісіне қатысушылар өздеріне саяси мәртебе талап ететіндігін жеткізді. Олар "желтоқсаншылар мәртебесін ауған соғысының ардагерлерімен теңестіру қажет" деген пікірде.
– Бұл – Тоқаевтың екі жыл бұрын айтылған сөзі. Бірақ, өкініштісі сол, бұл тек сөз жүзінде қалып отыр. Біз желтоқсаншыларға саяси мәртебе беруін талап етеміз. Желтоқсаншылардың көбі мүгедек, әлеуметтік жағдайы нашар. Сондықтан да біз сол президенттің айтқан сөзімен бүгін алаңға келіп тұрмыз, – дейді желтоқсаншы Көкен Азат.