ҚР Оқу-ағарты министрлігі биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынатын мектептердің тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Өңірлер бойынша бұл қаражат есебінен салынатын немесе кеңейтілетін мектептердің саны Астана қаласы мен Алматы облысында басқа өңірлермен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Нақтырақ айтсақ, әрқайсысында 10 мектеп жоспарланған.
Одан кейінгі орында 9 жобамен Түркістан облысы тұр.
Мәселен, биыл сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден түскен қаражат есебінен 96 млрд 495 млн теңгенің 62 жобасы жүзеге асырылмақ. Оның ішінде жаңа мектеп салу жобалары, сондай-ақ, бала саны артық мектептерді кеңейту жобалары бар.
Жобалар тізімі мен әр жобаға қанша қаражат бөлінетінін сілтемеден көруге болады.