Жемқордың жолын кесуге көмектескендерге сыйақы беріледі

1003

Жемқордың жолын кесуге көмектескендерге сыйақы беріледі

Жемқорлардың жолын кесуге көмектескендерге қомақты сыйақы беріледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы өзінің facebook-тегі парақшасында осылай деп жазды, деп хабарлайды Atameken TV.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы ақпаратпен бөліскен азаматтар құқықтық қорғалуына кепілдік берілетінін, олардың 240 мың тг сыйақы алатынын айтты.

" ... Достар, егер де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, яғни параны бопсалап алу немесе беру, бюджет қаржысын жымқыру жоспары, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану жағдайларының куәгері болып жатсаңыздар, тез арада агенттікке хабарласыңыздар. Біздің call-орталығымыздың нөмірі - 1424. Тәулік бойы жұмыс істейді" - деп жазды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу