Жемқорлар тек екі жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

1039

Әлеуметтік осал топтағы азаматтар жаза мерзімінің кемінде жартысын өтеуі қажет.

Жемқорлар тек екі жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің Әкімшілік-құқықтық департаменті директоры Айгүл Базарбаева жемқорлыққа қарсы заңнамалық шараларды күшейту туралы брифингте осылай деп мәлімдеді. 

"Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Тек екі жағдайда мұндай мүмкіндік беріледі. Егер қылмыстарды әлеуметтік осал топтағы азаматтар жасаса, олардың қатарында жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлер, 58 және одан жоғары жастағы әйелдер, 63 және одан жоғары жастағы ерлер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер бар. Екіншіден, барлық залалды толық өтеп, шарттарды толық орындаған сотталғандар белгілі бір уақыты іс жүзінде өтелгеннен кейін, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін", – деді спикер. 

Алайда бұрын ауыр сыбайлас жемқорлық үшін әлеуметтік осал топтағы азаматтар жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеп шартты түрде босатылса, енді оларға да жаза күшейтілді. Яғни, бұл санаттағы адамдар уақытынан бұрын босатылу үшін мерзімінің кемінде жартысын өтеуі қажет.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу