Жыл басынан бері жүйелі жемқорлықтың 89 дерегі мен 300 шақты заң бұзушы тұлға анықталды. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың кәсіпкерлер жұмысына негізсіз араласуы бойынша 3 мыңға жуық жағдай орын алған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро департаментінің директор орынбасары Талғар Серікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды naryk.kz.
"Жыл басынан бері тендерді ұтып беруге көмектесу мақсатында кәсіпкерлерден пара дәметкен 269 оқиға анықталды. Жалпы, жемқорлыққа қарсы қызмет кезінде біз 22 млрд теңгені ел бюджетіне қайтардық. Бұл қаржыға 14 мектеп немесе 73 балабақша немесе 13 аурухана салуға болады", — деді.
Ал жыл басынан бері орган мемлекетке 7,5 млрд теңге өндіріп берген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу