Қызылорда облысының Тоқабай және Ерімбетжаға ауылдарында жаңа су жүйелерінің салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.


Әлеуметтік нысандар прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынып отыр. Жобаның жүзеге асырылуы 1000-нан астам аудан тұрғынының сапалы ауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Осыған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды тасымал арқылы пайдаланып келгені белгілі, бұл олардың күнделікті тұрмысына айтарлықтай қиындық тудырған.
Бас прокуратураның хабарлауынша, ауызсу нысандарының іске қосылуы мемлекетке қайтарылған активтердің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді пайдаланылуының жарқын дәлелі болып саналады.