Жемқорлардан қайтарылған қаржыға 77 мектеп салынды

80

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жемқорлардан қайтарылған қаржыға 77 мектеп салынды Фото: Оқу ағарту министрлігі

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 86 мыңнан астам оқушы орны іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда.

"Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 86 мыңнан астам орындық 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан", – деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Еске сала кетейік, қор қаражаты есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу