Жемқорлардан тәркіленген ақша білім саласына жұмсалады

551

Жемқорлардан қайтарылған қаражатқа құны 4 млрд теңге болатын 30 заманауи мектеп салуға болады.  

Жемқорлардан тәркіленген ақша білім саласына жұмсалады Фото: elements.envato.com

Қазір арнайы қорда 120 млрд қаражат жиналған, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Енді заңға сәйкес бұл қыруар қаржы білім беру нысандарын салуға жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы осылай мәлімдеді. Олжас Бектеновтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар күшейе түседі. Енді ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасап, сотталғандар мерзімінен бұрын босатылмайды.

"Біреулер дұрыс, жақсы жұмыс жасап жатырсыңдар деп айтады. Басқалар жоқ, тым аз қаражат қайтарылды деп айтады. Енді салыстырсақ. Бір мысал келтіріп кетейін. Оңтүстіктегі көршілерімізді айтатын болсақ, олар Гүлнар Каримованың қаражаттарын елге қайтаруға тырысып жатыр ғой. Соңғы 3 жылдың ішінде 20 жылдан бастап осы күнге дейін олар 20-ақ млн доллар қайтарды. Ал біз бір жылдың ішінде 1,5 млрд долларға жуық қаражат қайтардық", - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу