Жемқорлардан тәркіленген ақшаға алғашқы мектеп салынды

532

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа алғашқы мектеп салынды. 

Жемқорлардан тәркіленген ақшаға алғашқы мектеп салынды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында 2018 жылы құрылысы басталып, аяқсыз қалған ғимаратта өткен жылы жұмыстар қайта жанданған. Оны аяқтауға бармақ басты, көз қыстыға жол бергендерден тәркіленген 150 млн теңге жұмсалыпты. Қазір 60 орынды мектеп балалар игілігіне берілді. Бұл өңірде пилоттық жоба ретінде іске асып отыр.   

Президенттің жемқорлардан қайтарылған қаржыны білім ордаларының құрылысына жұмсауға қатысты пәрменін іске асыру үшін  "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" құрылған еді. Антикордың дерегінше қазір онда 120 млрд теңге шамасында қаржы жиналған. Бұл ақшаны білім ошақтарын жөндеу жұмыстарына да жаратуға болады. Әзірге министрлік мол қаржыға қанша мектеп салатынын есептемеген сыңайлы. Себебі, соңғы екі аптаден бері нақты мәліметіміз жоқ деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу