Жемқорлардан тәркіленген "байлық" мектеп құрылысына пайдаланылатын болады – Тоқаев

515

Жемқорлардан тәркіленген ақша мектеп салуға жұмсалады. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жемқорлардан тәркіленген "байлық" мектеп құрылысына пайдаланылатын болады – Тоқаев

 "Жемқорлардың мемлекеттен заңсыз алған барлық қаражатын алып, мектеп салуға жұмсау керек", – деді Президент.

Ол сондай-ақ орта білім сапасыүа тоқталды. Әрбір оқушының білім алуына, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалуы керек.

 "Ол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске қосылды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасаймыз. Осылайша апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешеміз. Бұл Ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығын айтарлықтай азайтады. Жалпы мектептер құрылысы үкімет пен әкімдіктердің басты міндеттерінің біріне айналуы тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу