Жемқорлардың айыппұлы 2 млрд теңгеден асқан

997

Жемқорлардың айыппұлы 2 млрд теңгеден асқан

 

Елімізде 441 адам жемқор атанып, оларға салынған айыппұл құны 2 млрд теңгеден асқан. Бүгін Сот төрелігі бойынша 2017-ші жылғы қорытындылар жарияланып, жоғарғы Соттың алқалы жиынында осындай ақпарат айтылды. Үкімге сәйкес, 63 тұлға мемлекет алдындағы қаржылай қарызын өтей алмағандықтан айыппұлдары басқа жазаға ауыстырылған. Сотқа түскен және қаралған істердің де саны күн санап көбеюде, - дейді мамандар. Былтыр процессулдық келісім бойынша 4 мың 240 іс толықтай аяқталған. Желтоқсанда ғана жаңа лауазым иемденіп Жоғарғы сот төрағасы болған Жақып Асановтың айтуынша судьялар мен құқық қорғау органдарының жұмысы қоғамның қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу