Жемқорлардың тізімін жариялау ұсынылды

1165

Жемқорлардың тізімін жариялау ұсынылды

Елімізде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін істі болғандардың тізімін жариялау ұсынылды. Шетелдік сарапшылардың пайымынша, онда шенеуніктің мемлекеттік қызметтен шеттетілген мерзімі де көрсетілуі қажет.

Сондай-ақ, мамандар коррупцияның алдын алу үшін билік назарға алуға тиіс негізгі үш саланы атап көрсетті. Оның біріншісі құқық қорғау органдары. Бұл ретте сарапшылар полиция қызметін цифрландыруға мән беру керек деп санайды. Бұған қоса, параға қарсы күресте Ұлттық бюро денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы жемқорлыққа баса мән беруі керек дейді. Осы тұста соңғысына диссертациялық ревизия жүргізіп, бірыңғай жүйе арқылы плагиаттарды анықтау ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу