Жемқорлық бойынша күдікке ілінген Садуақас Байғабыловқа қатысты сот үкімі шықты

410

Сондай-ақ аталған орталықтың Жетісу филиалының басшысы Асхат Манкеевтің ісі бойынша сот үкімі жарияланды.

Жемқорлық бойынша күдікке ілінген Садуақас Байғабыловқа қатысты сот үкімі шықты

Астанада 2023 жылы 27 қыркүйекте Ұлттық сараптама орталығы төрағасының бұрынғы орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың, сондай-ақ аталған орталықтың Жетісу филиалының басшысы Асхат Манкеевтің ісі бойынша сот үкімі жарияланды.

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Байғабыловқа қатысты өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алаяқтыққа бару (ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы) және Манкеевке қатысты мемлекеттік функцияларды орындаушыға теңестірілген тұлғаға елеулі мөлшерде пара беруге әрекеттену (ҚК-нің  24-бабы, 3-бөлігі, 367-бабы, 2-бөлігі) ісі қаралды. 

Сот Манкеевтің үшінші тұлғалар арқылы Байғабыловқа 2500 доллар көлемінде пара бергенін анықтады.

"Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жария етуге жатпайтын тергеу материалдарымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді",- делінген сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу