Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп алу жөніндегі комитеті жариялаған жаңа дерекке сәйкес, биыл қызмет бабын пайдаланып түрлі заңсыздыққа барғандар саны 6%-ға артыпты. Жалпы биыл 886 факт тілкелсе, соның 449 тұлғасына қатысты іс сотқа жіберілген, деп хабарлайды Аtameken Business. Осы тұста жемқорлыққа белшеден батқан құрылымдар тізімін атасақ, топ бестік мынадай: бірінші орынында – әдеттегідей Ішкі істер министрлігі. Екінші орында – әкімдік қызметкерлері. Қазір 63 адамның ісі сотқа жіберіліп отыр. Үштікті – 24 өкілі жемқор атанған Қаржы министрлігі түйіндейді. Одан кейінгі орындарға Ауыл шаруашылығы мен Қорғыныс министрлігі жайғасапты. Ал аймақтар бойынша жемқорлар Нұр-Сұлтан, Алматы және Жамбыл облысында өте көп болып шыққан.