Жемқорлық ісімен айыпталған азаматтың сот үкімі ұжым алдында жарияланды

949

Нұр-Сұлтанда сотталушы ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша үкім жария етілді.

Жемқорлық ісімен айыпталған азаматтың сот үкімі ұжым алдында жарияланды

30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотымен Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне қатысты 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны жайында үкім жарияланды.

Ол Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкімді жариялау сотталушы ұжымының, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өтті.

2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу