Жемқорлық құқық бұзушылық фактісімен 360 адам жауапқа тартылды

765

Жемқорлық құқық бұзушылық фактісімен 360 адам жауапқа тартылды

2016 жылы 7 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз жемқорлық схемаларын анықтау жұмысына көп көңіл бөліп келеміз. 2016 жылдың өзінде 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі анықталып, 90-нан астам лауазымды қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мұндай қылмыстық топтар Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтсүтік Қазақстан облыстарында қызмет еткен", - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Агенттік төрағасының орынбасары атап өткеніндей, Оңтүстік Қазақстан облысында Тіркеу-емтихан алу бөлімінің бастығы басқарып келген қылмыстық топ ұсталды. Сот алдындағы тергеу аясында 50 лауазымды тұлға қылмыстық іске тартылып отыр, оның 34-і қамауға алынған.

Шпекбаевтың сөзінше, былтыр жемқорлықтың 89 фактісі тіркелген. Олар бойынша 360 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың қатарында есеп комитетінің аудиторлары, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің лауазымды қызметкерлері, "Бәйтерек-Девелопмент" пен "Қазақавтожол" топ-менеджерлері құрған қылмыстық схемалар да бар. Олардың топтарында кемінде 20 адам болғаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу