Жемқорлық қылмыстары үшін сотталған 624 адам түрмеде отыр

147

Мәжілісте рақымшылық туралы заң қаралып жатыр. 

Жемқорлық қылмыстары үшін сотталған 624 адам түрмеде отыр Фото: acca.media

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заң жобасының төртінші бабында қандай санаттағы қылмыстарға рақымшылық қолданылмайтындығын көрсеткенбіз. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстың барлық санаттарындағы істері қолдануға жатпайды. Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру мекемелерінде 624 адам сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар үшін сотталған. Олардың ешқайсысына да рақымшылық заңының талаптары қолданылмайтын болады", – деді депутат Абзал Құспан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу