Қазақстан жыл сайын жемқорлық салдарынан 3 млрд 800 млн доллар қаржы жоғалтып отыр. Мұндай мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады. Теріс әрекеттер еліміздің жалпы ішкі өніміне де әсер етпей қоймайды екен.
Сарапшылардың пайымдауынша, жемқорлық 1 пайызға азайса, жалпы ішкі өнім 1-1,5 пайызға көтеріледі екен. Ал Халықаралық валюта қорының деректеріне сәйкес жемқорлықтың кесірінен әлемдік жалпы ішкі өнім 2 пайызға төмендеп, жыл сайын 2 трлн доллардай шығын көріп отыр.
Автор: Арай Сүгірбай
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу