Жемқорлық үшін істі болғандар жазаның бір бөлігін жабық түзеу мекемелерінде өтейді

799

Қазақстанда жемқорлық жауапкершілігін қатаңдататын жаңа заңға қол қойылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады. 

Жемқорлық үшін істі болғандар жазаның бір бөлігін жабық түзеу мекемелерінде өтейді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған Заңға қол қойды.

Өзгерістерге сәйкес ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасаған тұлғаларға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасын қолдануға тыйым салынды.

"Бұл – қылмысты әлеуметтік осал топтағы азаматтар санатына жататын тұлғалар жасағанда және сотталғандар ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған жағдайда ғана қолданылмайды. Сонымен қатар парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталған жемқорларды қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу мүмкіндігі тоқтатылды. Енді жемқорлар қауіпсіздігі барынша төмен колонияға ауысу үшін тәртібі жақсы болып, залалды өтеп қана қоймай, тағайындалған жазаның бір бөлігін жабық түзеу мекемелерінде өтеуге тиіс", - деді Олжас Бектенов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу