"Жемқорлық жынысқа бөлінбейді"

464

Жалпы ел халқының 52%-ы қыз-келіншектер.

"Жемқорлық жынысқа бөлінбейді"

AntikorLive алаңында "Гендерлік саясат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Жобаның бұл жолғы қонағы – ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова болды. Спикер саясаттағы әйелдер, олардың жемқорлыққа көзқарасы туралы сөз қозғады. 

"Ел халқының 52%-ы – әйелдер. Оның ішінде 16 жас пен 58 жас аралығындағы жұмысқа қабілеттілері – 4,5 млн. Олардың әрқайсысы Қазақстанның дамуына, жалпы ішкі өнімнің өсуіне өз үлесін қосып отырған жандар", – дей келе Лаззат Рамазанова жемқорлық тақырыбына ойысты. 

"Жемқорлық жынысқа бөлінбейді. Мұндайда гендерлік мәселе жоқ. Оны кез келген адам жасайды. Ол кез келген қоғамның алға жылжуына жол бермей отырған ең үлкен індет. Жалпы бұл бағытта ғылыми зерттеулер өте аз. Бірақ бар. Солардың нәтижелеріне сүйенсек әйелдер арасында да жемқорлық фактілері болатынын байқауға болады. Сондықтан бұл індетпен қоғам болып күресуіміз керек", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу