Перудің бірінші вице-президенті Дина Болуарте сол елдің мемлекет басшысы ретінде ант қабылдады. Бұған дейін Конгресс депутаттары ел парламенті Педро Кастильоға импичмент жариялаған болатын, деп хабарлады Euronews.
Мәлім болғандай, депутаттар Кастильо мемлекет басшысының міндетін атқара алмағаны үшін оған импичмент жариялауға шақырған. Импичмент туралы ұсынысты негіздеуде президент әрекетінде "жемқорлық белгілері" бар екені айтылған.
Әскерилер мен полиция Конгрессті қолдады.
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Кастильо ұсталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу