Мемлекеттік сатып алуға жүргізілген кешенді мониторинг биылғы 9 айда 13,5 млрд теңгені, тек қыркүйек айында – 6 млрд теңгені тиімсіз пайдаланудың жолын кесті, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Осылайша, талдау превенциясының нәтижесінде 32,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген.
Агенттік қазіргі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне талдау жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша әкімшілік шығындарды оңтайландыру және жүйелі жемқорлық тәуекелдері жойылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу