Жемқорлыққа қарсы күрес арнайы науқанға айналмауы керек – Президент

615

Мемлекет басшысы қылмыстық іс шеңберіне әділ шенеуніктер тартылмауы керегін айтты.

Жемқорлыққа қарсы күрес арнайы науқанға айналмауы керек – Президент

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев баса айтқан мәселенің бірі – мемлекеттік аппараттың қорықпай шешім қабылдауы болды.  

"Қылмыстық іс шеңберіне әділ, өздеріне жауапкершілік ала алатын шенеуніктер тартылмауы керек. Мемлекеттік аппарат шешім қабылдаудан қорықпауы керек. Қазір біз мемлекеттік қызметкерлердің бастама көтеруден, жауапкершіліктен алудан қашуы қосымша жұмыстар туғызатынын көріп отырмыз. Мұндай жағдай пандемия кезінде нақты көрінді", – деді Президент.

Бұған қоса Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күрес арнайы науқанға айналмауын, жауапкершілігі жоғары, заңмен жүретін мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасына әсер етпеуі керегін айтты. 

"Қазір менің тапсырмам бойынша тек сыбайластар берген куәлік негізінде жауапқа тарту алынып тасталуда. Арандатушылық үшін жауапкершілік енгізілуде. Бұл нормалар құқық қорғау органдарының тарапынан жөнсіздіктің алдын алады. Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жарты жылдық есептерінде жемқорлыққа қарсы бастамалары жоқ, белсенді емес басшылар туралы ақпарат беруді тапсырамын. Бұл жергілікті атқарушы органдарға да қатысты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу