Қостанай облысының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бюроның қызметкері пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.
Асқар Жаналинов жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді. Ол өз әріптестерінің жіберген хабарламасы бойынша екі айға қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымды иелену құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін. Сондай-ақ алған пара сомасынан алпыс есе мөлшерінде айыппұл салынады немесе жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу