Жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынған жобалардың алғашқысы пайдалануға берілді

905

Қызылорда облысы бойынша 592,7 млрд теңгенің 15 инвестициялық жобасы сүйемелдеуге алынған.

Жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынған жобалардың алғашқысы пайдалануға берілді

Инвестиция көмегімен салынған Қызылорда облысындағы цемент зауыты жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдене беретін болады. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова зауыт жұмысымен танысу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды  МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінен.

"Агенттік тарапынан инвесторлардың құқықтары қорғалады және бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Антикоррупциялық сүйемелдеуге алынған инвестициялық жобалар арасынан алғашқы болып тампонажды цемент зауыты пайдалануға беріліп отыр. Бұл инвест жоба бұдан әрі қарай да біздің тұрақты бақылауымызда болады", – деді Айгүл Шайымова.

Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған Рrotecting business and investments инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында арнайы фронт-офис құрылып, облыс бойынша 592,7 млрд теңгенің 15 инвестициялық жобасы сүйемелдеуге алынған.

Зауыттың құрылысы барысында "Гежуба Шиелі цемент" ЖШС-нен фронт-офиске 2 өтініш түсіп, көші-қон қызметімен созбалаңға салынған зауыт құрылысына қажетті 54 шетелдік маманның визалық құжаттарын тез рәсімдеу мәселесі шешілген.

Осы кезге дейін фронт-офиске инвесторлар мен кәсіпкерлер тарапынан лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қатысты түскен 5 өтінішті қарау нәтижесінде 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, ал 1 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Айта кетсек, "Гежуба Шиелі цемент" ЖШС зауыты 11 желтоқсанда мемлекет басшысының қатысуымен 
өткізілген жалпыұлттық телекөпір барысында пайдалануға берілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу