Мемлекет басшысының өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Талғат Маратұлы Татубаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен, Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне, Қайрат Иматұлы Сұнтаев ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды.