Жемқорлыққа қарсы Жоспарға азаматтардың да ұсынысы енді

781

Ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрестің үшжақты Жоспары таныстырылды. 

Жемқорлыққа қарсы Жоспарға азаматтардың да  ұсынысы енді

Ішкі істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Жоспарына азаматтардың жүзден аса ұсынысы енді. Ұсыныстан туған іс-шаралар тізімі әлі де кеңеюі мүмкін. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрестің үшжақты Жоспарын таныстыру кезінде айтты. 

Ішкі істер министрлігі  жемқорлықпен тиімді күресу үшін азаматтық қоғаммен белсенді байланыс орнатып, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге жұмыс жүргізбекші. Осы мақсатта бүгін ІІМ мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдеріне ішкі істер министрлігінің Жол картасы негізінде әзірленген ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрестің үшжақты Жоспары таныстырылды. 

Жоспарда полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, ішкі істер органдарындағы жемқорлық тәуекелдерін төмендету, тұрғындармен байланысты цифрландыру, сондай-ақ азаматтармен тікелей емес байланыс тәсіліне көшу  қарастырылған. 

"Жоспар жобасын талқылау барысында азаматтардан мыңнан аса ұсыныс келіп түсті. Олардың әрқайсы мұқият қаралды. Оның арасынан 129 ұсыныс іріктеліп алынып, 28 іс-шараға топтастырылды. Дегенмен, іс-шаралар тізімінің кеңеюі әбден мүмкін, біз бұған әзірміз", – деп мәлімдеді ІІМ басшысы.

Екі ведомствоның басшылары мен азаматтық қоғам өкілдері ішкі істер органдарының 2019-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жоспарына қол қойды. 

Меңтай Шыңғысқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу