Жемқорлыққа қатысты әр бесінші қылмыс мемлекеттік сатып алу саласында тіркеледі

1080

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Орталық коммуникациялар алаңында айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Жемқорлыққа қатысты әр бесінші қылмыс мемлекеттік сатып алу саласында тіркеледі

"Биыл 1 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте Президент жылдар бойы сыбайлас жемқорлық пен ысырапшылық бюджет процесінің барлық кезеңдерінде байқалып отырғанын айтты. Қабылданған шаралар да бұл жағдайды айтарлықтай өзгертпеді. Осыған байланысты ол мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар жүйесін қайта қарауды тапсырды", – деді спикер. 

Ұлан Сарқұловтың айтуынша, статистика бойынша бюджет шығыстарының жалпы сомасындағы мемлекеттік сатып алу үлесі шамамен 30%. Осылайша, Қазақстанның ЖІӨ құрылымында шамамен 5%-ды құрап, нарыққа айтарлықтай әсер етеді.

"Жемқорлыққа қатысты әр бесінші қылмыс мемлекеттік сатып алу саласында тіркеледі. Мәселен, 2020 жылдан бастап биылғы І тоқсанға дейін 418 қылмыстық іс аяқталды және 162 адам сотталды. Бұл қылмыстардың 80%-ы орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою және сатып алуды алған адамды анықтау кезінде бюджет қаражатын ұрлауға қатысты", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу