Жемқорлыққа қатысты қылмыстардан 20,8 млрд теңге көлемінде шығын келген

549

Биыл 603 пара алу, 500 пара беру және 46 делдалдық фактісі тіркелген. 

Жемқорлыққа қатысты қылмыстардан 20,8 млрд теңге көлемінде шығын келген

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде 1,7 мың мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы келетін жемқорлыққа қатысты және өзге қылмыстар тіркелген. 
Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,4%-ға төмен. 

Олардың 1,1 мыңы немесе үштен екісі пара беруге қатысты. Бұл өткен жылдан 
10,5%-ға жоғары. Оның 603-і пара алу болса, 500-і пара беру, ал 46-сы делдалдық фактісі. 

Өңірлер бойынша ең көп құқық бұзушылық Алматы облысында тіркелген. Яғни биыл 114 факт болса, өткен жылы 69 іс қозғалған болатын. Бір жылда көрсеткіш 1,7 есе өскен. 

Екінші орында – елорда. Мұнда биыл 113 заң бұзушылық анықталған (өткен жылдан 1,5 есе көп). Ал үшінші орында 106 іс тіркелген Батыс Қазақстан тұр. 

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы келетін жемқорлыққа қатысты және өзге қылмыстардан келген материалдық шығын көлемі  20,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 34,4%-ға жоғары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу