Жемқорлыққа қатысы болмағандығы туралы анықтама талап етіледі

1126

"Жол активтері сапасы орталығы" РМК Олжас Бектеновтің сөзіне қатысты жауап берді.

Жемқорлыққа қатысы болмағандығы туралы анықтама талап етіледі

"Жол активтері сапасы орталығы" РМК басшылық лауазымға орналасуға үміткер адамдардан сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығы жоқтығы туралы анықтама талап ететін болады. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы 11 шілдеде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов орталық  қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар бар екендігін айтқан болатын.  

Осыдан кейін мемлекеттік кәсіпорын: орталық қызметкерлері туралы айтылған ақпаратты неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу үшін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, бас прокуратураға және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті сауалдар жолданғандығын хабарлады. Әзірге бас прокуратура тарапынан жауап келмеген.

"Агенттік жариялаған 9 қызметкердің ішінен, біздің ақпаратымызға сәйкес, 2-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты болған,  оның 1-еуі – "Алматыжолзертхана" бұрынғы директоры қазіргі уақытта жұмыстан шығарылды, ал екіншісінің соттылығы өтеліп және 3 жылға мемлекеттік қызметке кіруге шектеулер 2009 жылы аяқталды және ол басқарушылық функцияларын атқармайды. Қалған жұмысшылар, оның ішінде күзетші, қызметші, инженер жемқорлық фактілеріне мүлде қатысы жоғы мәлім болды. Оларды біреудің меншігіне қол сұғу,  дене жарақаты, жол-көлік апатына қатысты істер және жұмыстан шығаруға заңдық негіз жоқ",– делінген хабарламада. 

Орталық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, кәсіпорын базасында "Сапалы жол-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі құрылғандығын жеткізеді. Бұл кәсіпорында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың кез-келген қауіп-қатерін азайтуға, бизнес-процестерді автоматтандыруға, адами факторды болдырмауға, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды тартуға мүмкіндік беретін жұмыс жағдайларын жасауға ықпал етпек.

"Жол активтері сапасы орталығы" РМК ҚР үкіметінің қаулысы негізінде 2019 жылы наурызда құрылды, ал заңды түрде орталық осы жылдың 23 мамырында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу