Жемқорлыққа тап болған азаматтардың үлесі – 11,3 %

764

Қазақстандағы жемқорлық көріністеріне жүргізілген былтырғы мониторинг жұмысы қорытындыланып, нәтижесі жарияланды.

Жемқорлыққа тап болған азаматтардың үлесі – 11,3 %

"Біз өткен жылы күзде Қазақстандағы сыбайластық жемқорлық қандай деңгейде екеніне мониторинг жүргіздік. Оған барлық 14 облыс орталығы мен үш қаладан және 163 аудан орталығынан респонденттер қатысып, сауалдарымызға жауап берді. Сауалнама нәтижесін 173 әлеуметтанушы және 12 сарапшы зерттеді", – дейді "Transparency Kazakhstan" ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, өңірлердің ішінде Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарында жемқорлық көріністері жиі байқалған. Сауалнама қатысқандар әсіресе, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, ауруханаларда, полиция мекемелерінде, мемлекеттік балабақшаларда "бармақ басты, көз қысты" жағдайлары жиі болатынын айтқан.

Ольга Шиянның дерегінше, респонденттердің 11,3 пайызы тұрмыстық жемқорлық оқиғасына тап болған.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу