Жемқорлықпен күресте Қытай мен Сингапурдың әдісін енгізбеуіміздің сыры анықталды

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың сұрағына берілген жауап көпшілікті елең еткізді. 

 Жемқорлықпен күресте Қытай мен Сингапурдың әдісін енгізбеуіміздің сыры анықталды Фото: culture.ru

Депутат сыбайлас жемқорлықпен күресте Қазақстан неге Қытай, Сингапур, Израиль секілді елдің заңнамасын пайдаланбайтынын сұраған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Гүлдара Нұрымованың сөзінше, қазіргі әдістің толық нәтиже бермейтіні рас. 

– Іс жүзінде азаматтар сыбайлас жемқорлардың әрекеттерінен зардап шегіп жатыр. Қазіргі әдістер қажетті толық нәтиже бермейді. Осы мәселеде жетістікке жеткен елдердің әдістерін пайдалануымыз керек шығар деп еріксіз ойланасың. Неліктен бізге, мысалы, Қытайдың, Сингапур мен Израильдің тәжірибесінің кейбір әдістерін пайдаланбасқа? Мүмкін, сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелері байқалар... Сіздің пікіріңіз қандай? – деп сұрақ қойған депутат.

Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов халықаралық стандарттарға сүйенетінін, барлығын зерттеп-зерделейтінін жеткізген. 

– Басқа мемлекеттің заңнамасын біз көз жұмып енгізбейтін шығармыз енді. Бізге келетін нормаларды енгіземіз. Сыбайлас жемқорлықты тоқтату әр адамнан басталады. Осы заң жобасында көп норма бар. Осы нормалар біздің жемқорлығымызды азайтады. Сондықтан, кейбір халықаралық стандарттарды біз де зерделейміз, қараймыз. Қайсысы бізге келеді, қайсысы келмейді деген сияқты, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу