Жемқорлықты әйелдер мен ер азаматтардың қайсысы көп жасайды?

503

Бұл сауалға AntikorLive алаңында өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова жауап іздеп көрді. 

Жемқорлықты әйелдер мен ер азаматтардың қайсысы көп жасайды?

Оның сөзінше, қыз-келіншектер билікке келген соң көптеген зерттеулер жүргізу керек. Оның дені әйелдер арасындағы жемқорлық тәуекелдеріне негізделуі шарт. 

"Әйелдер арасындағы жемқорлық тәуекелдерін зерттеу керек. Мені көріп отырғандар "бұл тақырыпты зерттей бергенше, іске көшетін кез келген шығар" деп айтар. Бірақ бұл өте нәзік тақырып. Оны алдымен сараптап, саралап алу керек. Қазақстанда мұндай тақырып ешқашан зерттелген емес. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те осы бағытта үлкен жұмыс жасайтын мүмкіндік бар. Келесі жылдан бастап 30%-дық квота бойынша билікке қыз-келіншектер келеді. Сол кезде осыған кірісу керек. Мен де зерттеуге атсалысуға дайынмын", – деді Ләззат Рамазанова. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу